Жаңалықтар

Қазақстанда алтынның бағасы шарықтап кетті

23 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша тағы бір рекорд жаңарды

Елімізде 1 грамм алтынның құны 40 мың теңгеден асты. Былтыр бағалы металды алғандардың табысы да 40 пайызға артқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, бір грамм бағалы металдың құны 40 144,06 теңгеге жетті. Бағаның бұлай көтерілуіне әлемдегі саяси және экономикалық оқиғалар әсер еткен.

Алтынды миллионер инвесторлар ғана емес, Қазақстанның барлық азаматтары тікелей екінші деңгейлі банктерден немесе кейбір ақша айырбастау пункттерінен сатып ала алады. Салмағы 5-тен 100 грамға дейінгі 999,9 таза алтын құймаларын сатып алуға болады.

Айта кетейік, бір жыл бұрын алтын сатып алған қазақстандықтарда қазір әрбір грамм алтын үшін қосымша 10 712,41 теңге түседі, өйткені былтыр 22 қыркүйекте бір грамм алтын бар болғаны 29 432,77 теңге болған.