Қазақстандағы су тасқыны: Бектенов өңірлерге жоғары дайындық режимінде болуды тапсырды
- авторjambylinfo.kz
- 13 наурыз, 2025
- 132

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов республикалық су тасқынына қарсы штабтың отырысында көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
13 наурыздағы жағдай бойынша республиканың 67%-ын қар жауып жатыр. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар ери бастады. Ал Қостанай облысында жер 1,5 метрге дейін, Павлодар облысында 160 см-ге дейін тоң болып қатып тұр. Синоптиктердің болжамы бойынша, наурыз және сәуір айлары көптеген өңірлерде жылы әрі жауын-шашынды болады.
Су тасқыны қаупі жоғары аймақтарға Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстары кіреді. Орташа қауіп деңгейі Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында байқалады.
"Өңірлер жоғары дайындық режимінде болуы керек, елді мекендерді су басуына жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Олар ең алдымен дала суларынан қорғалуы тиіс. Су өткізу құрылыстары, көпірлер мен құбырлар мұз бен қоқыстан тазартылып, еріген судың өтуіне дайын болуы қажет, өзен арналары тазартылып, бекітілуі тиіс. Дала өзендеріндегі тар жерлерді кеңейту керек. Су басу қаупі бар елді мекендерде тиісті техникамен жабдықталған күштер мен құралдар топтастырылуы керек. Эвакуация орындарын алдын ала белгілеп, оларды барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету қажет", – деп тапсырды премьер-министр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз