Жаңалықтар

Қазақстанда "Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу жүріп жатыр

Қазақстанда "Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу жүріп жатыр

Қазақстанда "Яндекс.Такси" тарифтеріне байланысты тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz . Ахметовтың айтуынша, бұл ұйым 17-20 пайыз көлемінде комиссия алады және динамикалық баға белгілейді. Әсіресе, жаңбыр, қар, мереке күндері тұтынушыларға қызмет түрі сұраныстың артуына байланысты айтарлықтай қымбатқа түседі. Егер монополиялық жоғары бағалар анықталса, онда шаралар қабылданып, комиссия төмендетіледі.