Жаңалықтар

Қазақстанда әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда 34%-ға аз

Қазақстанда әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда 34%-ға аз

2022 жылы ерлер орта есеппен 355,3 мың теңге, әйелдер 265,8 мың теңге алған. Аймақтардағы ерлердің орташа жалақысы: Атырау (631,8 мың теңге); Маңғыстау (590,6 мың теңге); Ұлытау (489,1 мың теңге) облысы. Бұл аймақтарда ер мен әйел арасындағы жалақысы бойынша өте үлкен айырмашылық бар. «Маңғыстау облысында ерлердің айлығы әйелдердікінен екі есе, Атырауда 85,9%-ға, Ұлытауда 68%-ға артық», – деді сарапшылар. Жетісу облысы – әйелдердің айлығы ерлердікінен көп жалғыз өңір.