Қазақстанда қызылша ауруы белең ала бастады
Елімізде қызылша ауруы дендей бастады. Вирустық жұқпалы дерт жыл басынан бері 56 адамнан анықталған. Оның жиырмасы зертханада расталған. Науқастардың басым бөлігі 7 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды КТК арнасы.
Мамандар мәліметінше, вирус ауа арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде науқастың сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Арна мәліметінше, аталмыш дерт жыл басынан бері жеті өңірде тіркелген. Олар: Астана, Алматы қалалары мен Түркістан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Жетісу облыстары. Ал мамандардың мәліметінше, бұл сырқатты жұқтырғандардың көбі екпе алмағандар екен. "Биыл елімізде қызылша ауруының 56 күдікті жағдайы тіркелді. Оның ішінде 20 жағдайы зерттеумен расталған. Бес жағдай басқа диагнозға ауыстырылған. 20 жағдай қазір зертханада зерттеліп жатыр. Екпе егу болса, вакцинацияның тиімділігі жоғары, 95 пайызды құрайды", - деді еліміздің денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар Айжан Есмағамбетова. Мамандар мәліметінше, вирус көктем мезгілінде өршіп, балалар арасында тез тарайды. Кейде соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Өйткені дертті үлкендер ауыр өткереді. Егер алдын алмаса, ересек адамдарда отит, пневмония, энцефалитке шалдығу қаупі бар. "Ересектер де қызылшамен ауырады. Егер иммунитеті төмен болса, иммуноглобулин төмен болса, тез жұқтырады. Мысалы, бір жасында, алты жасында қызылшаға екпе алады. Егер адам уақытына дейін екпе алмаған болса, егер оның иммунитеті әлсіз болса, сол адам тез қабылдайды. Оларда ұзағырақ болады. Сосын асқынып кетуі мүмкін", - деді Алматы қаласы №28 емханасының инфекционист дәрігері Нұрбибі Арқабаева.
Аурудың негізгі белгілері: Әлсіздік; Дене қызуының көтерілуі; Бас ауруы. Артынша мұрын бітеліп, 5-6 күнде теріде қызыл дақтар шыға бастайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2024