Жаңалықтар

Қазақстанда жұмысынан айырылып, жәрдемақыға жан баққандар саны 96% өскен

Қазақстанда жұмысынан айырылып, жәрдемақыға жан баққандар саны 96% өскен

Шілде айында 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1%-ға артық, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 96,4%-ға көп, деп хабарлайды Жамбылинфо  Ulysmedia.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, соңғы 8 айда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылар санының тұрақты өсуі байқалып отыр.

Еске салайық,  елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7% – жұмыссыздар саны 452,6 мың адам екені хабарланған. Қазақстанда шілдеде жұмыс іздеушілер саны маусым айымен салыстырғанда 38,8 мыңға (+71%) өскен. Сондай-ақ бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр.