
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ерсайын Нағаспаев - 1980 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастады. Осы жылдар ішінде Инвестициялар комитетінің атташесі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің атташесі қызметтерін атқарды; Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің департамент басшысы, директорының орынбасары; Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Әкімшілік жұмыс және қоғамдық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Қарағанды қаласы Қазабек би ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін де атқарған; Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі.
2011 жылғы қаңтардан 2013 жылғы қаңтарға дейін – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі. 2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы қарашаға дейін – Астана қаласы әкімінің орынбасары. "СПК Астана" АҚ басқарма төрағасы (12.2014-2016 ж.) "Новострой Астана" ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары (2016-2020 ж.ж.) "ҚТЖ" ҰК" АҚ сатып алу жөніндегі басқарушы директоры (04.2021-01.2022);
2022 жылдың қаңтарынан – "ҚТЖ" ҰК" АҚ жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры м.а.
Ерсайын Нағаспаев мемлекет басшысы көмекші етіп тағайындаған Қанат Шарлапаевтың орынын басты.