Қазақстанда жалған ақпарат таратқан блогерлерге айыппұл салынады
Қазақстанда жалған ақпарат таратқан блогерлерге айыппұл салынады
Биыл төрт айда 29 қазақстандық блогердің әлеуметтік желідегі ақпараттың дұрыстығы тексерілді. Бұл туралы "Ауыл" партиясының депутаттық сауалына жауап берген бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бас прокурордың айтуынша, биыл төрт айда ішкі істер органдары блогерлердің әлеуметтік желілерде Қылмыстық кодекстің 274-бабы жалған ақпарат тарату фактілері бойынша 29 соталды тергеуді анықтаған.