Жаңалықтар

Қазақстанда жарты жылда қаңғыбас иттер 81 баланы талап тастады: 3 сәби көз жұмды

Қазақстанда жарты жылда қаңғыбас иттер 81 баланы талап тастады: 3 сәби көз жұмды

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, қайтыс болған балалар Ақтөбе және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында тұрған. Комитет жедел шаралар кешенін қабылдауды ұсынады: дронды қолдану арқылы қаңғыбас иттердің шоғырлану орындарын үнемі бақылау; сенім телефондары мен «жедел желілері» арқылы азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын қабылдауды ұйымдастыру.