Жаңалықтар

Қазақстанда жол апаттары ең көп тіркелетін күн – дүйсенбі

Қазақстанда жол апаттары ең көп тіркелетін күн – дүйсенбі

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 13,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,2% артық. Оның ішінде 1,7 мың (немесе 13%) оқиға адам өлімімен аяқталды. Тіркелген 11,6 мың апат жүргізушілердің кінәсінен, 378 жағдай жаяу жүргіншілердің кінәсінен, үш жағдай коммуналдық қызметтердің кінәсінен, бір жағдай жол қызметтері мен мердігерлердің кінәсінен болды. ҚР-дағы ең «апатты» күн – дүйсенбі. Сонымен қатар сенбі мен сейсенбіде де ЖКО көп болады. Елдегі ЖКО-ның 68% – күндіз, 19% – ымырт кезінде, 12% түнде тіркелген.