Жаңалықтар

Қазақстанда жылдық инфляция 17,7 пайызға жетті

Қазақстанда жылдық инфляция 17,7 пайызға жетті

Еліміздің ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту талап етіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Оның дерегінше, азық-түлік өнімдері бағасының өсуі бұған айтарлықтай үлес қосып отыр. Ол жылдық мәнде 22,2 пайызға жетті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорттық тауарлардың қымбаттай түсуінен және оларға сұраныстың жоғары болуынан 17 пайызға дейін жылдамдады. Ақылы қызмет көрсету инфляциясы 12,3 пайызға жетті. «Фискалдық ынталандыру аясында жоғары инфляциялық процестердің орнықтылығы және экономикадағы сұраныстың күшеюі, оның ішінде жоғары инфляциялық күтулерді қолдайтын жаңа күтілмеген сыртқы өзгерістерді ескерсек, ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту талап етіледі», - деді Ғалымжан Пірматов.