сейсенбі, 18 наурыз, 2025 0:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа салық режимі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа салық режимі енгізілуі мүмкін
Фото: gov.kz
Алайда бұл режимді тек жылдық табысы 4 080 АЕК-тен аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар пайдалана алады

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін салық салудың жеңілдетілген тәртібі енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес, бірыңғай салық мөлшерлемесі 4% болып белгіленбек.

«Бұл сома міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және медициналық сақтандыру төлемдерін қамтиды», – деп түсіндірді министрлік.

Салықты мобильді қосымша арқылы немесе салық агенті – цифрлық платформа арқылы төлеуге болады. Алайда бұл режимді тек жылдық табысы 4 080 АЕК-тен аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар пайдалана алады. Биыл бұл сома 16 042 560 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, салықтық реформалар аясында тек өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін ғана емес, декларанттар мен фермерлік шаруашылықтар үшін де жеңілдетілген тәртіптер енгізу жоспарлануда.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар