Қазақстандық алты боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бокстан Сербияның Ниш қаласында әлем чемпионаты өтіп жатыр
Қазақстан құрамасының алты боксшысы Сербияда қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарысқа Қазақстан құрамасы сапында 12 боксшы қыз аттанған болатын. Жартылай финалға шыққан боксшылар саны бойынша Ресей алда. Олардың 7 боксшысы өткен. Қазақстан, Түркия мен Сербия елдерінің 6 боксшысы финал үшін жұдырықтасады.
Жартылай финалға шыққан боксшылар:
48 кило. Назым Қызайбай - Хонг Кионг Рионг (Таиланд)
50 кило. Алуа Балқыбекова - Ан Кум Биол (Таиланд)
60 кило. Виктория Графеева - Наталья Шадрина (Сербия)
63 кило. Аида Әбікеева - Елена Бабичева (Ресей)
70 кило. Наталья Богданова - Лиза ОРоурк (Ирландия)
+81 кило. Елдана Тәліпова - Дарья Сазонова (Молдова)