Жаңалықтар

Қазақстандық биатлоншы қыздар Азиадада қола медаль еншіледі

The final spritzer

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы биатлон эстафетасында үздік үштікке ілікті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

4×6 км қашықтықта өткен командалық сайыста ел намысын қорғаған Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина мен Елизавета Белецкая квартеті мәре сызығын үшінші болып кесті. Алтын жүлде Қытай құрамасына бұйырса, күміс медальді Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.

Бұл жетістік Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль қосып, құраманың жалпы есептегі көрсеткішін жақсартты.