дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық боксшы 33 рет жеңіске жеткен нокаутшыдан басым түсті

Қазақстандық боксшы 33 рет жеңіске жеткен нокаутшыдан басым түсті
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы 33 рет жеңіске жеткен нокаутшыдан басым түсті
Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Николай Шваб кәсіпқой рингте кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Жамбылинфо,  Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Өткен демалыста Шваб Сосуадағы (Доминикан Республикасы) бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы - бұған дейін 33-3, 28 КО көрсеткішімен рекорд орнатқан жергілікті боксшы Даниэль Рамирес болды. Алайда бұл жолғы айқас соңына дейін жеткен жоқ. Николай Шваб Даниэль Рамиресті нокаутпен жеңді. Бұл Швабтың кәсіпқой рингтегі - сегізінші және мерзімінен бұрын аяқталған төртінші айқасы. Рамирес төртінші рет жеңілді. Николай Шваб бұған дейінгі айқасын өткен жылы 9 шілдеде өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен америкалық Рондейл Хуббертті (14-23-3, 8 КО) Майамиде (АҚШ) жеңген болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар