сейсенбі, 1 сәуір, 2025 0:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық боксшылар Черногориядағы Әлем кубогында 27 медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Черногориядағы Әлем кубогында 27 медаль жеңіп алды
ашық дереккөз
Қазақстанның бокс құрамасы Черногорияның Будва қаласында өткен «Адриатика маржаны» халықаралық турнирінде (жастар арасындағы Әлем кубогы) сәтті өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар 4 алтын, 11 күміс және 12 қола, жалпы саны 27 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ерлер құрамасының нәтижелері

Қазақстандық боксшылар 17 медаль иеленді: 2 алтын, 4 күміс және 11 қола.
Әлем кубогының чемпиондары:

Нығман Нығмет (57 кг)

Жасұлан Бердалы (75 кг)

Күміс медаль иегерлері:

Алдияр Бахадүр (54 кг)

Игорь Соловьев (75 кг)

Санжар Сейтқамит (92 кг)

Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг)

Қола медаль жеңіп алғандар:

Нұрхан Кумарбеков (48 кг)

Бексұлтан Хұжамжар (48 кг)

Айдос Үсенов (51 кг)

Әли Мұрат (54 кг)

Бауыржан Мұратов (57 кг)

Ердәулет Сайт (60 кг)

Әлихан Аскер (63,5 кг)

Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг)

Сұлтан Тұрдәлі (67 кг)

Бекарыс Нұрмұхан (71 кг)

Бейбарыс Әшірбай (71 кг)

Әйелдер құрамасының нәтижелері

Қыздар құрамасы Қазақстанға 10 медаль әкелді: 2 алтын, 7 күміс және 1 қола.

Алтын медаль иегерлері:

Регина Тибенева (57 кг)

Ақбота Есімбекова (66 кг)

Күміс медаль иегерлері:

Рахмина Абдумежитова (52 кг)

Ақнұр Тұрсынғали (57 кг)

Алина Құдайгенова (63 кг)

Айсұлу Мұхит (66 кг)

Мария Сидоренко (70 кг)

Зарина Төлебай (75 кг)

Сабина Жақсылық (81+ кг)

Қола медаль иегері:

Толғанай Қасымхан (60 кг)

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар