сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 11:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық дзюдошылар Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады
Фото: olympic.kz
Барлық жекпе-жек қазақстандық спортшылар үшін турнирдегі алғашқы белдесулері болды.

28 ақпанда Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өкінішке қарай Қазақстан құрамасының ешбір спортшысы финалдық кезеңге өте алмады. Турнирдің алғашқы күнінде белдескен барлық дзюдошы жарысты ерте аяқтады.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Нұраділ Әлжан алғашқы белдесуінде Камоллидин Бахтияровқа (Өзбекстан) есе жіберді. 66 келі салмақта Ердәулет Бозша Абдурахим Нутфуллоевке (Өзбекстан), ал Ержан Еренқайыпов Казбек Нагучевке (БАӘ) ұтылды.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева Ахлия Муминоваға (Тәжікстан) жол берді, ал Диана Букреева Сабина Гиллязоваға (Ресей) есе жіберді.

52 келіге дейінгі салмақта Құндыз Жылқыбай Мария Комасқа (Испания) жеңілді. Ал 57 келі салмақтағы Бақыт Құсақбаева Ирина Зуевадан (Ресей) ұтылды.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар