Қазақстандық ет өндірушілердің өнімдері енді Сауд Арабиясында сатылады
Қазақстандық ет өндірушілердің өнімдері енді Сауд Арабиясында сатылады
Бұл туралы келісім Тоқаевтың Сауд Арабиясына барған іс-шарасында жүзеге асты. Сиыр мен қой еттерін импорттауға қатысты санитарлық және техникалық талаптардың хаттамасына Сауд Арабиясындағы ауыл шаруашылығы секторы бойынша вице-президент Мохаммед Альнасар және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев қол қойды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, хаттама қазақстандық өндірушілерге өз кәсіптерін дамытуға үлкен көмек болмақ.