Жаңалықтар

Қазақстандық фристайл-акробатика құрамасы Азия ойындарында күміс жүлде еншіледі

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді

Қазақстанның фристайл-акробатика құрамасы IX қысқы Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте күміс жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жарыста ел намысын қорғаған Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев және Ардана Маханова тамаша өнер көрсетіп, жалпы 235.39 ұпай жинады.