Қазақстандық фристайлшылар – Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның фристайл-акробатикадан әйелдер құрамасы синхронды секіру дисциплинасында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Біздің команданың намысын Ардана Маханова мен Аяна Жолдасова қорғап, жоғары техникалық шеберлік пен тұрақтылық көрсетті.