сәрсенбі, 6 қараша, 2024 0:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық мектептер ғаламторда ас мәзірін жариялауға міндетті

Қазақстандық мектептер ғаламторда ас мәзірін жариялауға міндетті
ашық дереккөзі
Қазақстандық мектептер ғаламторда ас мәзірін жариялауға міндетті
Енді оқушылардың ата-аналары балаларының мектеп қабырғасында не жейтінін ғаламтор арқылы біле алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбыл инфо, «kazpravda.kz» сайтына сілтеме жасап. Қазақстандағы мектеп асханалары енді ас мәзірін әлеуметтік желілерде немесе арнайы сайтта жариялауға міндетті болады. "Біз норманы қойдық, жақында мен бұл бұйрыққа қол қоямын. Әр мектеп "Күнделік" немесе басқа жүйелер арқылы белгілі бір порталда ата-аналарға арналған мәзірді алдын ала жариялауы керек. Тамақтану мәселелеріндегі ашықтық өте маңызды", - деп атап өтті Аймағамбетов. Сонымен қатар, білім министрі кейбір мектептерде тамақ бағасы тым жоғары екенін атап өтті. Мысал ретінде ол астаналық білім беру мекемесін келтірді. Мұнда жарты литрлік минералды су 300-350 теңге тұрады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар