Жаңалықтар

Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

Стендтік ату бойынша халықаралық турнир Кувейтте өтті. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 350-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан намысын 28 мерген қорғады. Олар екі турнирде топ жарып, барлығы 13 медаль жеңіп алды - 6 алтын, 4 күміс және 3 қола.