Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Азия физика олимпиадасынан жүлделі оралды

The final spritzer

Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.

4-12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті. Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті. Барлық сегіз қатысушы да жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде арнайы «Best Female» сыйлығына ие болды.

Күміс медаль иегерлері:

Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ;

Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;

Амир Пшенбаев – Spectrum International School, Астана қаласы;

Артур Ким – Spectrum International School, Астана қаласы.

Қола медаль иегерлері:

Роман Черемнов – Miras International School, Алматы қаласы;

Ілияс Қазымбек – Республикалық физика-математика мектебі, Астана қаласы;

Даниэль Төлеубаев – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;

Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы НЗМ.

Команда жетекшілері — Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.

Қазақстан құрамасын шын жүректен құттықтаймыз!