Қазақстандық оқушылар робототехникадан дүниежүзілік олимпиадаға қатысады
- авторjambylinfo.kz
- 20 тамыз, 2024
- 809

Олимпиаданың Дүниежүзілік кезеңіне қатысуға алматылық ФМБ НЗМ-нің Сristabol командасы жолдама алды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды деп жазады Jambylinfo.kz.
Команда құрамында 11-12 сынып оқушылары Досжан Дайран, Нуржан Кокеев, Әлфия Байжақып, Дастан Қадылбек және Ердәулет Тургенбаев бар.
First Global Challenge Дүниежүзілік кезеңі Афинада 2024 жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында өтеді
Еске салайық, іріктеу кезеңіне 190-нан астам елдің жас инженерлері өзара бақ сынасқан. Қазақстаннан 40-қа жуық команда қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан
робототехникадан екі дүркін әлем чемпионы атанған. Жас қазақстандықтар 2022 жылы Женевада әлем чемпионы атанып, 2023 жылы Сингапурдағы жарыста екінші мәрте жеңіске жеткен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы анасы туралы әсерлі жазба қалдырды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025
Су мен оттан сақтан: Жамбылдағы алдын алу жұмыстары
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025