Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар робототехникадан дүниежүзілік олимпиадаға қатысады

Жарыс Афина қаласында 26-29 қыркүйек аралығында өтеді

Олимпиаданың Дүниежүзілік кезеңіне  қатысуға алматылық ФМБ НЗМ-нің Сristabol командасы жолдама алды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды деп жазады Jambylinfo.kz.

Команда құрамында 11-12 сынып оқушылары Досжан Дайран, Нуржан Кокеев, Әлфия Байжақып, Дастан Қадылбек және Ердәулет Тургенбаев бар.

First Global Challenge Дүниежүзілік кезеңі Афинада 2024 жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында өтеді

Еске салайық, іріктеу кезеңіне  190-нан астам елдің жас инженерлері өзара бақ сынасқан. Қазақстаннан 40-қа жуық команда қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан
робототехникадан екі дүркін әлем чемпионы атанған. Жас қазақстандықтар 2022 жылы Женевада әлем чемпионы атанып, 2023 жылы Сингапурдағы жарыста екінші мәрте жеңіске жеткен.