Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2025 жылдың 29-желтоқсаны мен 2026 жылдың 7-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар көзделген.

Мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу ұсынылады.

Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың қоғамдық қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аудару қажет.