Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ

Қазақстандық мектептерде екінші тоқсан аяқталуда. Қысқы демалыс 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге алуды ұсынады. Мектепішілік іс-шара жоспарына: - ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесе ЖОО-ның оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу; - «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Үнемі оқитын адам – табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылау; - «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы негізінде білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда білім ұйымдарымен бірлесе «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» спорттық ойындар өткізу; - «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» тақырыптарында білім алушылармен әңгімелесу; - «Ата-аналар мектебі» жобасын  орындауда «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен», «Отбасылық таланттар» тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу; - Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады. Атап өтейік, аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі. Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/631854-aza-standy-o-ushylar-ys-y-demalysta-10-k-n-demalady