Қазақстандық полицейлер жаңа формаға ауысады
Жыл соңына қарай Қазақстандағы патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты.
«Жыл соңында көшеде қызмет көрсететін патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың формасын ауыстырамыз. Форма қазірдің өзінде мақұлдаудан өтті, ол көшеде қызмет етуге өте ыңғайлы. Жаңа элемент – кроссовка, бәтеңкелер түріндегі аяқ киім енгізіледі, бұл полицейлер үшін өте қажет, себебі олар – жаяу патрульдер, халықпен тікелей жұмыс істейтін жедел қызметшілер», деп жауап берді Ерлан Тұрғымбаев тілшілердің сұрағына.
Жаңа формада түнгі уақытта көзге шағылысатын элементтер де қарастырылған.
Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда барлық полицейлерді жаңа формаға ауыстыру жоспарланған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз