Қазақстандық студент Ресей үшін соғысуға кетті
Қазақстандық студент Ресей үшін соғысуға кетті
«Вагнер» жеке әскери компаниясымен келісімшартқа отырған қазақстандық бейнеүндеу жолдады. Кеше Сыртқы істер министрлігі Бекеновтың келісімшартқа өз еркімен қол қойғанын мәлімдеді. Марғұлан Бекенов - 23 жаста. Томск мемлекеттік университетінде оқиды. Ол Томсктен Краснодарск қаласына сүйіктісімен жолығуға барған. Алайда кейін жақындарымен байланысы үзіліп, із-түссіз кеткен. Кейін Бекеновтің «Вагнер» жеке әскери компаниясына кеткені белгілі болды.