Қазақстандық су мамандарының біліктілігі арттырылады: 100-ден астам маман Қытайда білім алады
- авторjambylinfo.kz
- 7 ақпан, 2025
- 360

Қазақстанда биыл мыңға жуық су шаруашылығы маманы қайта даярлау курстарынан өтеді. Бұл бастама еліміздің су саласын жаңғырту шараларының бірі ретінде қолға алынған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрлік қытайлық Power China компаниясымен келісімге келіп, қазақстандық мамандарды Қытайда біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік бермек. Жоспар бойынша, сәуір айында алғашқы 30 маман аттанып, кейін әр тоқсанда 25 адамнан тұратын бірнеше топ тәжірибе алмасады. Жалпы, жыл соңына дейін 105 маман ҚХР-да оқиды.
Өткен жылы 500-ден астам маман арнайы орталықтарда біліктілігін арттырған болатын. Бұл көрсеткіш бастапқы жоспардан 12%-ға жоғары болды.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығындағы адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы Дидар Жәнібекұлы:
«Мамандарды даярлау және қайта даярлау – еліміздің су саласын жаңғыртудың маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тараз қаласында Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды, онда 200-ге жуық студент оқиды. Біздің министрлік су саласы үшін кәсіби стандарттарды әзірлейтін кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрды. Оның негізінде қазақстандық жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын өзектендіретін болады.»
Қазақстанның су саласы үшін білікті кадрларды даярлау жалғасуда.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз