Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады
Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады
Қызмет барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады. Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70 пайызын құрайды. "Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және құтқару қызметін атқаратын "Қазселденқорғау" ММ-нің негізгі қызметкерлеріне төленеді", - делінген хабарламада. ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ. Премьер-министрдің баспасөз қызметі қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатынын атап өтті.