Жаңалықтар

Қазақстандықтар 31 желтоқсан күні демала ма

31 желтоқсан жұмыс күніне түсіп тұр

Отандастарымыз 31 желтоқсанда демала ма? Бұл сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  
Министрліктегілердің айтуынша, 31 желтоқсанды ресми демалыс күндерінің тізіміне енгізу орынсыз. Қазақстандықтар Жаңа жылда қатарынан 4 күн демалады.

Еске салайық, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылған болатын.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1,2,3 және 4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1,2 және 3 қаңтар күндері демалады. 5,6 қаңтар – жұмыс күні. 7 қаңтарда Рождество мерекесіне орай демалыс беріледі.