дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтарға 140 мың теңгеден біржолғы төлемақы беріле ме

Қазақстандықтарға 140 мың теңгеден біржолғы төлемақы беріле ме
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға 140 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем беріледі деген ақпарат тараған болатын. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігі бұл ақпаратты фейк деп отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Министрлік жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті

«Қазақстанда барлық азаматтарға 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Белгісіз адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынады.Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуін сұраймыз, – делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұралады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар