Қазақстандықтарға коронавирустан вакцина алып керек емес – вице-министр
Есмағамбетованың айтуынша, коронавирус инфекциясының маусымдылығы әлі анықталмай отыр, вирус жыл он екі ай тіркеледі Енді қазақстандықтарға коронавирустан вакцина салдырудың қажеті жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, қазір медициналық мекемелерде COVID-19-дан вакцина жоқ.
Тіпті, халықтың осал топтарына екпе егу-екпеу мәселесін де әрбір ел эпидемиологиялық жағдайға қарай өздері шешеді.
Вице-министр коронавирустың маусымдылығы әлі анықталмағанын айтады. Инфекция жыл он екі бойы тіркеліп отыр.
Бұған дейін Қазақстанда жыл басынан бері COVID-19 жұқтырғандардың саны екі есеге өскені хабарланған болатын. Ресми мәліметке сүйенссек, қаңтар айында 477 адам вирус жұқтырған. Басым бөлігі Алматы мен Астанада тіркелді.
Ақпан айының басында еліміздің медициналық мекемелерінде маска режимін енгізу туралы қаулы қабылданды. Сонымен қатар азаматтарға халық көп жиналатын орындарда да бетперде тағу ұсынылды.