жұма, 4 қазан, 2024 10:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтарға тағы бір елмен визасыз режим қолжетімді бола алады

Қазақстандықтарға тағы бір елмен визасыз режим қолжетімді бола алады
ашық дереккөзі
Қазақстандықтарға тағы бір елмен визасыз режим қолжетімді бола алады
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим мәселесі премьер-министр Әлихан Смайыловтың Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесуінде қаралды, - деп хабарлайды primeminister.kz сайты. Әлихан Смайылов қазақстандық азаматтарға Вьетнамға визасыз кіру мүмкіндігін беру мәселесін көтерді, бұл екі ел арасындағы сауда және туризмді дамытуға оң әсер етеді.
Во Тхи Ань Суан Вьетнамның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне үлкен маңыз беретінін атап өтті. "Екі ел арасындағы сенімді саяси диалог өзара әріптестікті одан әрі кеңейтуге негіз болып отыр. Географиялық жағынан тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстан әлемдегі ірі нарықтарды біріктіреді. Біз өзара тиімді бағыттарда бірлесіп жұмыс істеу үшін нақты ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз", - деді Во Тхи Ань Суан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар