дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтар үшін үй алатын жаңа мүмкіндік пайда болды

Қазақстандықтар үшін үй алатын жаңа мүмкіндік пайда болды
Сурет ашық дерекөзден алынды
«Асыл мекен» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды

Отбасы банк «Асыл мекен» жаңа ипотекалық бағдарламасын ұсынады, деп хабарлайды jambylinfo.kz BAQ.KZ агенттігіне сілтеме жасай отырып. Бағдарлама жасы 18-70 аралығындағы тұрғындарға арналған.

"Бұл ауылдық елді мекендерді кредиттеу бағдарламасы,  яғни ауылдық елді мекендерде тұрғын үй сатып алу үшін банк беретін қарыз. Өтінімді тек онлайн режимінде hcsbk.kz сайтындағы бейне операторлар арқылы алуға болады", - деп хабарлады банк. 

Ипотека талаптарына тоқталар болсақ, қарыздың мақсаты – ауылдық елді мекендердің бастапқы немесе қайталама нарығында пайдалануға берілген тұрғын үйді (пәтерді, тұрғын үйлерді) сатып алу, (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) АЕМ-де жеке тұрғын үй салу болып табылады. Бағдарламаның шарттары бойынша бастапқы жарна – 10% шарттық сома, қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%. Алдын ала қарыздың мерзімі – 8 жылға дейін болса, тұрғын үй қарызының мерзімі – 11 жылға дейін қарастырылған. Қарыздың ең көп сомасы – 10 000 000 теңгеге дейін беріледі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар