Жаңалықтар

Қазақстандықтар үшін үй алатын жаңа мүмкіндік пайда болды

«Асыл мекен» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды

Отбасы банк «Асыл мекен» жаңа ипотекалық бағдарламасын ұсынады, деп хабарлайды jambylinfo.kz BAQ.KZ агенттігіне сілтеме жасай отырып. Бағдарлама жасы 18-70 аралығындағы тұрғындарға арналған.

Ипотека талаптарына тоқталар болсақ, қарыздың мақсаты – ауылдық елді мекендердің бастапқы немесе қайталама нарығында пайдалануға берілген тұрғын үйді (пәтерді, тұрғын үйлерді) сатып алу, (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) АЕМ-де жеке тұрғын үй салу болып табылады. Бағдарламаның шарттары бойынша бастапқы жарна – 10% шарттық сома, қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%. Алдын ала қарыздың мерзімі – 8 жылға дейін болса, тұрғын үй қарызының мерзімі – 11 жылға дейін қарастырылған. Қарыздың ең көп сомасы – 10 000 000 теңгеге дейін беріледі.