Қазақстандықтар қай жаста үйленеді
Қазақстандықтар қай жаста үйленеді
Бюро мәліметінше, елімізде маңғыстаулықтар ертерек отбасын құрады екен – орта есеппен 26,1 жас. Ең кеш шаңырақ көтеретін ШҚО тұрғындары – 29,5 жас. Астана – 28,6 жас. Алматы – 28,8 жас. Шымкенте – 27,9 жас. 2022 жылғы өзге өңірлер бойынша мәлімет: Алматы облысы – 28,3 жас; Ақмола облысы - 28,2 жас; Ақтөбе облысы - 27,6 жас; Атырау облысы - 27,6 жас; БҚО - 27,5 жас; Жамбыл облысы - 27,7 жас; Қарағанды облысы - 29 жас; Қостанай облысы - 28,7 жас; Қызылорда облысы - 27,2 жас; Павлодар облысы - 28,7 жас; СҚО - 29 жас Абай облысы - 28,4 жас; Жетісу облысы - 28,1 жас; Ұлытау облысы - 28,6 жас; Түркістан облысы - 26,9 жас. Қазақстан бойынша некеге тұрудың орташа жасы – 28 жас. 29 жасқа дейін 89 мың 4 әйел тұрмысқа шыққан. Бұл жаста үйленген ер адамдар саны – 72 мың 869. 18-ден 19 жасқа дейін - 16 мың 453 әйел және 2 мың 481 ер адам; 20-дан 24 жасқа дейін - 50 мың 528 әйел және 35 мың 503 ер адам; 25-тен 29 жасқа дейін - 24 мың 765 әйел және 41 мың 207 ер адам; 30-дан 34 жасқа дейін - 14 мың 448 әйел және 21 мың 379 ер адам; 35-тен 39 жасқа дейін - 9 мың 182 әйел, 11 мың 473 ер адам; 40-тан 44 жасқа дейін - 5 мың 256 әйел, 6 мың 456 ер адам; 45-тен 49 жасқа дейін - 3 мың 151 әйел, 3 мың 888 ер адам.