Жаңалықтар
Қазақстандықтар енді МӘМС есебінен жеке клиникаларда ем ала алады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 29 қараша, 2025
- 310
Бұл туралы министрлік мәлімдеді
Қазақстандықтар МӘМС есебінен жеке клиникаларда ем ала алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Енді мемлекеттік медициналық ұйымдарда қызмет көрсетілмей қалған жағдайда пациенттер жеке клиникаларға жіберіліп, олардың шығыны МӘМС есебінен өтелмек.
Министрліктің мәліметінше, егер клиника 10 күн ішінде қажетті қызмет көрсетпесе, науқас еш қиындықсыз басқа медициналық ұйымға ауыса алады. Мемлекеттік аурухана қажетті көмекті ұсына алмаған жағдайда, пациентті жеке орталыққа жолдап, төлемді сақтандыру қоры арқылы өтеу механизмі қарастырылып жатыр.
Қызмет көрсету мерзімі созылып кетсе немесе жолдама бере алмаса, министрлік азаматтарға ӘМСҚ байланыс орталығына немесе Qoldau 24/7 қосымшасына жүгінуге кеңес берді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026






