Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
Биыл қазақстандықтар мамыр айында төрт мерекені атап өтеді.
2026 жылдың мамыр айында мерекелерге байланысты қазақстандықтарды қосымша демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2026 жылғы мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 1 мамырда аталып өтетін Қазақстан халқының бірлігі күні биыл жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан – 1 мамырдан 3 мамырға дейін демалады.
Төрт жұмыс күнінен кейін, қазақстандықтар тағы бір мереке күтіп тұр. 7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушылар күні аталып өтеді. Бұл күн бейсенбіге сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар тек бір күн ғана демалады.
9 мамыр – Жеңіс күні. Биыл мереке сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 11 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9-11 мамыр аралығында демалады.
Бұдан бөлек, биыл Құрбан айттың бірінші күні сәрсенбі, 27 мамырға түсіп тұр, бұл жұрт тағы бір күн демалады деген сөз.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мамырда 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады.