Жаңалықтар

Қазақстандықтар  мамырда қанша күн демалады?

Мамыр - мерекеге толы ай. Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы айдағы демалыс күндеріне өзгеріс енгізген, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Министрліктің хабарлауынша, 4 мамыр сенбі күнгі демалыс 8 мамыр сәрсенбіге ауысады. 

Демек, мамырдың 4-і сенбі күні жұмыс күні болады.

Сол себепті, отандастарымыз 3 күн қатарынан, яғни 7, 8, 9 мамыр демалады. 

Бұл күндері студенттер мен оқушылар да демалады.

Жалпы, мамырдағы мейрамдар мен демалыс күндерді қосқанда, қазақстандықтар келесі айда жалпы 11 күн демалады.