Жаңалықтар

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

The final spritzer

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни мерекелер кестесіне сәйкес «Құрбан айт» мейрамы үш күн бойы тойланады.

2025 жылы Құрбан айт 6, 7 және 8 маусым күндері тойланады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) шариғат және пәтуа бөлімі хабарлады.

Жұмыс тәртібіне байланысты демалыс күндерінің кестесі:

Бес күндік жұмыс аптасы:

6 маусым (жұма) — демалыс күні;

7 маусым (сенбі) — демалыс күні;

8 маусым (жексенбі) — демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасы:

6 маусым (жұма) — демалыс күні;

7 маусым (сенбі) — жұмыс күні;

8 маусым (жексенбі) — демалыс күні.