жұма, 27 желтоқсан, 2024 13:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтар пәтерді сатқан кезде салықты қалай төлейді?

Қазақстандықтар пәтерді сатқан кезде салықты қалай төлейді?
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар пәтерді сатқан кезде салықты қалай төлейді?
Мемлекеттік кірістер комитетінде жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлікті сатуы кезінде құн өсіміне салық салу тәртібіне түсіндірме берді. Салық кодексінің 331-бабына сәйкес (қолданысқа енгізу туралы Заңның 33-бабының редакциясында) көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімі туындаған кезде жеке тұлғада мүліктік табыс туындайды. Бүгінгі күні жиі қойылатын сұрақтардың бірі Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі мүліктік кіріс болып табылады: қандай жағдайларда мүліктік кіріс пайда болады, қандай жағдайларда нарықтық құн қолданылады. Мүліктік табыс тұрғын үйлерді (пәтерлер, жеке тұрғын үйлер, жатақханадағы бөлмелер), саяжайларды, ЖТҚ-ға арналған жер учаскелерін, бау-бақша учаскелерін, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін, гараждарды өткізу кезінде осындай объектілерге меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз ғана меншік құқығында болған кезде құн өсімі туындаған жағдайда туындайтынын есте ұстаған жөн. Алайда, коммерциялық объектілерді не осындай объектілерді салуға арналған жер учаскелерін өткізу кезінде құн өсімі түріндегі мүліктік кіріс осындай жылжымайтын мүлікті иелену мерзіміне қарамастан туындайды. Сонымен, құн өсімінен түсетін кіріс мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма болып табылады. Нарықтық құн қандай жағдайларда қолданылады? Нарықтық құн мүлік мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған жағдайларда немесе жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үйді өткізу кезінде қолданылады. Меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құн осындай мүлік өткізілген салық кезеңі үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей, яғни осындай мүлік өткізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей айқындалуға тиіс екенін есте ұстаған жөн. Құн өсімі қалай анықталады? Нарықтық құн болмаған жағдайда не нарықтық құнды айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ сатып алу құны болмаған басқа да жағдайларда (жылжымайтын мүлікті сыйға алу кезінде, егер айырбас шартында мүліктің құны көрсетілмесе) құн өсімі анықтау кезінде мыналарды есеру қажет. Мынадар құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады: пәтерді, жеке тұрғын үйді, жатақханадағы бөлмені, саяжайларды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін, гараждарды өткізу жағдайларында – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады; жер учаскелерін, бау-бақша учаскелерін өткізу жағдайларында өткізу бағасы (құны) мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма; коммерциялық жылжымайтын мүлікті өткізген жағдайда-осындай мүлікті өткізу бағасы (құны). Мұндай кірістерден жеке табыс салығын есептеу 10% мөлшерлемесі бойынша дербес жүргізіледі және осындай кіріс алынған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төленуге тиіс. \Мүліктік кіріс алынған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) табыс ету қажеттігі туралы еске саламыз. Егер табыс 2020 жылы алынса, онда декларация 2021 жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылу керек, ал жеке табыс салығы 2021 жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей төлену керек. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstandyktar-paterdi-satkan-kezde-salykty-kalay-toleydi_a3764367
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар