Жаңалықтар

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

The final spritzer

Бұл айда тоғыз күн демалыс бар

2025 жылдың шілдесінде қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 9 күн демалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі — 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 5 шілдеден 7 шілдеге дейін демалады.

Бес күн жұмыс істейтіндер бойынша:

5 шілде (сенбі) — демалыс күні;

6 шілде (жексенбі) — Астана күні;

7 шілде (дүйсенбі) — ауыстырылған демалыс күні;

Алты күн жұмыс істейтіндер бойынша:

5 шілде (сенбі) — жұмыс күні;

6 шілде (жексенбі) — Астана күні;

7 шілде (дүйсенбі) — демалыс күні.

2025 жылдың шілде айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді.

Ал алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін тұрғындар 5 күн демалады, 26 күн жұмыс істейді.