Қазақстандықтар туу туралы куәлікті постамат арқылы алуы мүмкін
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 24 мамыр, 2025
- 201

Үкімет қазақстандықтарға туу туралы куәлікті Kaspi постаматы арқылы алуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мұндай пилоттық жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Әділет министрлігімен бірлесіп қолға алды.
Жоба "Ашық НҚА" платформасында жарияланды, ол осы жылдың 6 маусымына дейін қоғамдық талқылауда болады.
Жоба «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан заңының 22-бабына сәйкес:
процесті ұдайы жетілдіру,
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру,
туу туралы куәлік беру мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында әзірленді.
Өтінім мобильді қосымша арқылы беріледі
Пилоттық жоба шеңберінде "Kaspi Bank" АҚ мобильді қосымшасы арқылы өтінімді ресімдеу кезінде «Kaspi Bank» АҚ постоматтары арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына туу туралы куәлік беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі, - деп жазылған хабарламада.
Бұл Астана, Алматы және Ақтау қалаларында қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа болып саналады.
Айта кетейік, жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.