Жаңалықтар
Қазақстандықтар Украинада қайырымдылық киіз үйлерін тікті
- авторjambylinfo.kz
- 8 қаңтар, 2023
- 273
Қазақстандықтар Украинада қайырымдылық киіз үйлерін тікті
Қазақстандықтар Украинадағы денсаулық сақтау нысандарына 41 генератор мен алты киіз үй жіберді.
Өткен жылдың қараша айынан бастап Украинада адамдар тамақ ішіп, жылынуға және электр қуатына қол жеткізуге болатын арнайы шатырлар ашыла бастады. Дәл осындай қызметтерді Украинаға жіберілген қазақстандық киіз үйлер де атқаратын болады.
Бұл туралы көпшілікке украиналық депутат Сергей Ногорняк мәлімдеді.
«Қазақстандық достар екі ай бұрын идеямды қолдап, денсаулық сақтау мекемелеріне 41 генератордан бөлек, 6 қазақтың киіз үйін сатып алып, жөнелтті», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.Депутат еріктілер мен Украинадағы қазақ диаспорасының көмегімен Буча қаласында алғашқы киіз үй тігіліп қойғанын айтты.
"Біз Киев, Харьков, Одесса қалаларында да киіз үйлер орнатуды жоспарлап отырмыз. Қазір басқа қалалардан келген түрлі ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Достар, көмектеріңізге рахмет!", - деп қосты Нагорняк.Еске салайық, бұған дейін Қазақстан билігі Украина мен Ресейді «қақтығысты» дипломатиялық жолмен шешуге шақырған болатын. Маусым айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан КХДР мен ЛХР деп аталатын елдердің тәуелсіздігін мойындамайтынын айтқан. Қыркүйек айында республиканың Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы «Украинаның төрт аймағының Ресей Федерациясына қосылуы туралы» референдумды» мойындамайтынын жеткізді. 6 наурызда Алматыда Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы шеруге 3 мыңға жуық адам жиналды. «Сары-Арқа» кинотеатрының жанындағы алаңда өткен митинг қаланың жаңа тарихындағы ең ауқымды жиындардың біріне айналды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025