Жаңалықтар

Қазақстандықтар Украинада қайырымдылық киіз үйлерін тікті

Қазақстандықтар Украинада қайырымдылық киіз үйлерін тікті

Қазақстандықтар Украинадағы денсаулық сақтау нысандарына 41 генератор мен алты киіз үй жіберді. Өткен жылдың қараша айынан бастап Украинада адамдар тамақ ішіп, жылынуға және электр қуатына қол жеткізуге болатын арнайы шатырлар ашыла бастады. Дәл осындай қызметтерді Украинаға жіберілген қазақстандық киіз үйлер де атқаратын болады. Бұл туралы көпшілікке украиналық депутат Сергей Ногорняк мәлімдеді.

Депутат еріктілер мен Украинадағы қазақ диаспорасының көмегімен Буча қаласында алғашқы киіз үй тігіліп қойғанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан билігі Украина мен Ресейді «қақтығысты» дипломатиялық жолмен шешуге шақырған болатын. Маусым айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан КХДР мен ЛХР деп аталатын елдердің тәуелсіздігін мойындамайтынын айтқан. Қыркүйек айында республиканың Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы «Украинаның төрт аймағының Ресей Федерациясына қосылуы туралы» референдумды» мойындамайтынын жеткізді. 6 наурызда Алматыда Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы шеруге 3 мыңға жуық адам жиналды. «Сары-Арқа» кинотеатрының жанындағы алаңда өткен митинг қаланың жаңа тарихындағы ең ауқымды жиындардың біріне айналды.