Жаңалықтар

Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады

Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады

Қазақстан Өзбекстан аумағында тіркеусіз жүру мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұзартты. Парламент мәжілісі «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Хаттамаға 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында қол қойылды. Қазір отандастарымыз көрші ел аумағында тіркеусіз небәрі 5 күн жүре алады. Ел билігі бұл мерзімді 30 күнге дейін ұзартып отыр.

Оның айтуынша, азаматтардың болу мерзімі алты ай ішінде тоқсан күннен аспауы керек.

Сәденов Өзбекстан тарапы хаттаманы былтыр сәуірде ратификациялағанын атап өтті. Жаңа құжат екі ел азаматтарының Қазақстан мен Өзбекстан аумағында болуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстың, іскерлік және мәдени тәжірибе алмасудың одан әрі дамуына оң әсер етеді, деп санайды ІІМ.