Жаңалықтар

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады

Жаңа 2023 жыл 31 желтоқсанда сенбіден жексенбіге қараған түні кіреді. Демек аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл күні демалады. Жаңа жыл басталғаннан кейін ел азаматтары үш күн – 1, 2 және 3 қаңтарда демалады. 7 қаңтарда Қазақстанда православиелік мереке – Рождество тойланады. Ол сенбіге түседі. Дегенмен Рождествоға мемлекеттік мереке мәртебесі берілмеген, сондықтан ол әдеттегі демалыс күніне сәйкес келсе, заң бойынша демалыс басқа күнге ауыстырылмайды. Айта кетсек, тәуелсіздік күні 2022 жылдан бастап тек бір күн – 16 желтоқсанда ғана атап өтіледі. Осыған сәйкес Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар: 5 күндік жұмыс аптасында 16, 17, 18 желтоқсанда; 6 күндік жұмыс аптасында 16 және 18 желтоқсанда демалады. Желтоқсанда 5 күндік жұмыс аптасында барлығы 10 демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.