Қазақстандықтардың алған несиесі бизнестің қарызынан асып түсті

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ел экономикасына берілген несие көлемі 40,9 трлн теңгеге жеткен.
Бұл 2023 жылға қарағанда 22,3%-ға артық, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы Atameken Business телеграм каналына сілтеме жасап.
Кредиттің 46 пайызы бизнес үшін алынған. Бір жыл ішінде заңды тұлғалар алған несие көлемі 20,6%-ға артып,18,8 трлн теңге болды.
Ұлттық банктің ресми мәліметіне қарағанда, халық алған қарыз көлемі 23,7 пайыз өсім көрсеткен. Осылайша 22,1 трлн теңгеге дейін жетті. Жеке тұлғалар несиені көбінесе теңгемен алған.